Яндекс.Метрика

KZ8A ЭЛЕКТРОВОЗЫ

KZ8A СЕРИЯСЫНДАҒЫ МАГИСТРАЛДЫ ЖҮК ЭЛЕКТРОВОЗЫ


Екі секциялы ауыспалы тоқтағы асинхронды сүйрегіш қозғалытқышы бар, қуаттлығы 8800 кВт KZ8A магистралды жүк электровозы, ауыспалы тоқпен электрофицияланған кернеуі 25 кВ және 50 Гц жиілігі бар 1520 мм темір жолдағы 9000 тоннаға дейін салмағы бар жүк поездардың қозғалысын қамтамасыз етуге арналған.

KZ8A электровозында алғаш рет поезды жүргізудің автоматты жүйесі толығымен қолданылды, ол машинисттің қателік жіберу мүмкіндігін азайтады, жүргізудің әлдеқайда ұтымды режимін және энергияны үнемдеуді қамтамасыз етеді.

KZ8A электровозының конструкциясы қажет болған жағдайда бас кабинаның бірінен (кез келгенінен) бір машинисттің басқаруымен көп бірлікті жүйе бойынша электровозды басқа секциямен қосуды қамтамасыз етеді. Бас кабинада отырған машинистке барлық жедел диагностика және барлық секцияларының құрал-жабдықтарының жұмысының режимі туралы диагностикалық ақпарат ұсынылады.

Басқару мен диагностика жасаудың компьютерленген жүйесі жоғары сапалы түрлі түсті дисплейде бүкіл құрал-жабдықтың жағдайын және локомотивтің пайдалану параметрлерін бақылап отырады және көрсетеді, жүйелердің өздігінен диагностикасын жасайды және тез арада кез келген туындаған ақаулықтар туралы машинистке хабарланады. Ақаулықтар анықталған жағдайда машинист, басқару пультынан поездың қозғалу жылдамдығын жоғалтпай, жедел түрде жүйені резервті жұмыс істеу режиміне ауыстырады.

Локомотвиті бригада үшін жұмыс істеудің ең қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалған. Электровоздың кабинасы компьютерленген климат-бақылау жүйесімен жабдықталған; жұмсақ және ыңғайлы орындықтар, мұздатқыш, қысқа толқынды пеш және үнемді санитарлық торап орнатылған.

KZ8A электровозының негізгі техникалық сипаттамасы

Қызмет түрі

Жүк

Білікті формула

2 х 2о-2о

Кузовы

Болат

Жолдың кеңдігі

1520 мм

Габариті

9238-83 1-Т МЕМСТ сәйкес

Толық ұзындығы

2 х 17 500 мм

Биіктігі

5 290 мм

Құмның 2/3 запасы бар қызметі салмағы

2 х 100 тонна

Рельске біліктен түскен салмақ, т

25

Жұмыс температуралырының диапазоны

-40°C-тан +40°C-қа дейін

Арбалар:

Сүйреуіш қозғалтқышы

Тіректі-білікті ілінуі ба, асинхронды

Дөңгелегінің диаметрі

1250 мм

Автотіркес:

Түрі

СА-3, 21447 МЕМСТ сәйкес

Таралатын энергия

35 кДж

Борттық қауіпсіздік жүйесі:

Түрі

КЛУБ-У

Техникалық мәліметтер

Валдағы сағаттық қуаттылығы

8 800 кВт

Контакттілі желі

25 кВ ауыспалы тоқты 50 Гц

Максималды жылдамдығы

120 км/ч

Ұзақ режимнің жылдамдығы

50 км/ч

Қозғалған кезде тарту күші

833 кН

Рекуперативті тоқтау

7 600 кВт

Максималды тоқтау күші

500 кН

Сүйреуіш электр қозғалтқышы:

Түрі

асинхронды, ауыспалы тоқты

IGBT

3.3 кВ / 1200 A

Тұрақты тоқтың шинасы

1800 В

Салқындау

Ауамен

Борттық ішкі жүйелері:

Қуат көзінің кернеуі

400 В ауыспалы тоқты 50 Гц

Аккумуляторлық батареялары:

Түрі

Никель-кадмийлі

Кернеу

110 В

Сыйымдылығы

130 А-ч



Кәсіпорын туралы

Осы өндіріс мақсаты ТМД елдеріне Қазақстанда қор тартым жылжымалы, сондай-ақ перспективалық экспорттық өнімдер жылжымалы құрамның жаңарту болып табылады. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, стратегиялық инвестициялық жоба ретінде танылған өндірістік локомотивтер ұйымдастыру...

Контактылар

ЖШС «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭКЗ)
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
184 А көшесі, 10 - ү, Индустриалдық паркі
Тел.: +7(7172) 938-502 
Факс: +7(7172) 938-531 
E-mail: kz.ekz-info@alstomgroup.com